Жұмыртқа мен тауық етінің қымбаттау себебі
Сенаторлар жұмыртқа мен тауық етінің қымбаттағанына наразы. Бұл мәселеге қатысты шара қолдануды сұрап, депутаттар үкімет басшысына жүгінді. Ал бағаның бұлай шарықтауына жем бағасының өсуі әсер еткен.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
11.02.2021
Сұлтан Дүйсембинов, Сенат депутаты:
- Құс еті мен жұмыртқаның негізгі құнының 70 пайызын жем-шөп шығыны құрайды. Құс шаруашылығында жем-шөптің негізгі компоненті – бидай, жүгері, соя күнжарасының бағасы соңғы бір-екі жылда 1,5 еседен 3 есеге өскен, осыған байланысты құс өнімдерінің бағасының тұрақты өсуі байқалып отыр.
Жоғары палата депутатының бұлай деуіне тағы бір негіз бар. Ол – тауар бағасы мен сапасының мүлдем сәйкес келмеуі. Десек те сенатордың көңілінен шықпаған дүниеге жұрт қарап жатқан жоқ. Қымбат болса да, бір келі тауық етін 950 теңгеден, ал жұмыртқаны 600 теңгеден сатып алуда.
Бір өкініштісі, отандық емес, көбіне Ресей мен Беларусьтен келетін тауарға сұраныс жоғары. Себебі, отандық құс фабрикалары сұранысты еңсере алмай отыр. Құс бизнесімен айналысқандарға жаны ашыған Дүйсембинов мемлекет тарапынан қолдау қажет деп есептейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!