Аптасына қай елге қанша рейс ұшырылатын болды?
Эпид-ахуалдың біршама тұрақталуына байланысты Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Мальдив аралдарына әуе рейсінің саны көбейтілді. Оған ведомствоаралық комиссияның шешімі сеп болған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлап отыр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
11.02.2021
Ресей Федерациясына ұшақ аптасына енді үш рет емес, 10 рет қатынайтын болды.
Шымкент-Мәскеу, Ақтау-Мәскеу бағыты да қайта жанданды.
Мальдив аралдарына әуе рейстерінің саны тағы төртеуге артты.
Алматыдан Бішкекке енді ұшақтар аптасына үш рет қатынайды. Осыған дейін екі рет еді.
Нұр-Сұлтан-Ташкент бағытына қазақстандықтар жеті күннің төртеуінде қатынай алатын болды.
Украинаға әуе кемесі әзірге аптасына екі рет ұшады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!