Covid-19: 48 науқастың жағдайы өте ауыр
Қатерлі індеттен тағы 9 адам қайтыс болды. Марқұмдардың бесеуі ковид-19-дан жан тапсырса, қалған төртеуі коронавирус пневмониясынан көз жұмған.
Автор: Мақсат Мәлік
11.02.2021
Елімізде вирус жұқтырғандардың қатары әлі азаймай тұр. Өткен тәулікте мыңнан аса жерлесіміз коронавирустың құрығына іліксе, 52 отандасымыздың қос өкпесі қысылып дәрігердің көмегіне жүгінген.
Пандемия басталғалы 2 мың 626 адам ковид-19 кеселінен қайтыс болса, 591 сырқат коронавирус пневмониясының құрбаны болған.
Соңғы дерек: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар облысы вирус жұқтырған аймақ арасында көш бастап тұр. Қазір коронавирус жұқтырған 25 мың 272 адам ем қабылдап жатса, 48 науқастың жағдайы өте ауыр. Ал індетке шалдыққандар саны 200 мыңға жуықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!