{metadescription}
Қар көшкінінде турист мерт болды – Риддер
Қар көшкінінде турист мерт болды – Риддер

Қар көшкінінде турист мерт болды – Риддер

Риддерде тауға шыққан туристі қар көшкіні басып қалды. Шаңғы тебуге шыққан азамат сол мезетте көз жұмған. Ал оның жанында болған бес шаңғышы дін аман.

Алты азамат таудың биік беткейінде шаңғы теуіп жүргенде қар көшкіні жүрген. 41 жастағы азамат қалың қар құрсауында қалып қойыпты. Оның денесі бір тәуліктен кейін әрең табылды. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығынан іздеу ұзаққа созылғанын айтады. Өйткені тауда қар қалың болғандықтан, тікұшақ қона алмай, ауыр техникамен зорға жеткен. Енді шыңның ұшар басынан марқұмның денесін алып түсу қиындық тудыруда.

Жадыра Аманғалиқызы,  ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазір денесін таудан түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ол жерде волонтерлар, құтқарушылар және саяхатшылар жабылып көмектесіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде