{metadescription}
Тұңғыш президенттің жары Сара Назарбаева 80 жасқа толды
Тұңғыш президенттің жары Сара Назарбаева 80 жасқа толды

Тұңғыш президенттің жары Сара Назарбаева 80 жасқа толды

Ең мейірімді жанның мерейтойы! Бүгін Тұңғыш президенттің жары Сара Назарбаева 80 жасқа толды. Бұл күн мерейтой иесі құрған ұйымдарға үлкен мереке. Ал президент Сара Алпысқызының еңбегін ескеріп, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» деген  құрметті атақ берді. Елбасының жары қайырымдылық жасауды әлі де бір сәт тоқтатқан емес.

«Өзін-өзі тану» гимназиясындағылар жыл сайын Сара Назарбаеваның туған күнін асыға күтеді. Өйткені оларға бұл үлкен мереке. Биыл да ұл-қыздар мерейтой иесін құттықтауға ерекше дайындалған. Арнайы ұйымдастырылған форумда жастар Сара Алпысқызына деген лебізін әнмен жеткізді.

Туған күн қарсаңында Сара Алпысқызының еңбегі тағы бір еленіп,  «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді. Және «Асыл жүрек» марапатын иеленді. Сара Назарбаева қайырымдылық жасауды бір сәтке тоқтатқан емес. Кеше тағы бір игі бастаманың тұсауы кесілді – Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ашылды. Осындай жобалары арқылы Елбасының жары ата-ананың мейіріміне зәру талай баланың рухани анасына айналды, науқас балаларға қол ұшын созды. Оның «айналайын» деген сөзінің өзі жүрекке жылу сыйлады.

Сара Алпысқызы 29 жыл бұрын «Бөбек» қорын құрды. Кейін оның құрылымына балабақша, гимназия, колледж және астрономиялық обсерватория енді. Ал 1994 жылы Германиядағы SOS балалар ауылына барып, кейін осы бағдарламаны Қазақстанға әкелген болатын.

Майра Бейсеқанова, Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің директоры:

- Бұл кісіні бүкіл әлем жақсы көреді. Бұл кісіге тең кісі жоқ. Бұл кісінің айтқан сөзі, берген өсиеті, тыңдап отырсаң, әрбір сөзінің мағынасы, мазмұны терең. Мұны тыңдай білу керек, ести білу керек, балаға, жүректен-жүрекке жеткізе білу керек. 

Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» білім беру жобасының авторы. Оның мақсаты – балаларды қоршаған әлеммен үйлесімде өмір сүруге үйрету. Мерейтой иесінің өзге де жобалары мыңдаған ұл-қыздың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Гүлмира Исимбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ директорлар кеңесінің төрайымы:

- «Үміт» үйлерінің арқасында көптеген, мыңдаған аналар мен кішкентай балалар бір-бірімен қауышуға мүмкіндік алды. Тәлім-тәрбие алуға жағдай жасалды. «Үміт» үйінде немесе балалар деревнясында тәрбиеленген, «Бөбекте» білім алған көптеген жасөспірімдер, бүгінгі күнде еліміздің өркендеуіне үлес қосып келе жатыр.

Осындай игі істері үшін Сара Назарбаева талай беделді халықаралық марапаттарды да иеленген. Ең мейірімді жанға елі тек амандық тілейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.