{metadescription}
Аңшылардың мемлекетке келтірген залалы – 2 жарым миллиард
Аңшылардың мемлекетке келтірген залалы – 2 жарым миллиард

Аңшылардың мемлекетке келтірген залалы – 2 жарым миллиард

Ақбөкендерді атқан қаскөйлердің кесірінен мемлекет 2 миллиард теңгеден астам шығынға батқан. Бұл тек соңғы бір жылдағы статистика. Осы уақыт аралығында 71 арам пиғылды аңшы қылмыстық жауапқа тартылыпты. Олар 727 киікті етіне бола  бауыздаса, 10 мыңға жуық жануарды мүйізін алу үшін атқан.

Жыл өткен сайын ақбөкеннің басы кеміп барады. 2023 жылға дейін Қазақстанда киік ату, аулауға тыйым салынғанына қарамастан, жануарды қынадай қыру тыйылар емес. Аңшылардың мемлекетке келтірген залалы 2 жарым миллиардтай теңгені құрайды.

Күні кеше Атырау облысында ақбөкенді заңсыз аулағандар ұсталды. Бассыздыққа барғандардан 364 дана мүйіз тәркіленген. Экология министрлігі былтыр Ұлттық қауіпсіздік қызметі және Ішкі істер министрлігімен бірге бастаған «Ақбөкен» шарасын биыл да жалғастырады.  

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Браконьерлік фактілерге жол бермеу бойынша министрлікте барынша жұмыс жүргізіліп жатқанына қарамастан, фактілер әлі де орын алуда. Осыған орай, Орман шаруашылығы комитетіне, «ОхотзооПром» және аумақтық инспекциялармен бірлесіп, браконьерлік фактілерге жол бермеуге жұмысты күшейтуді тапсырамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде