{metadescription}
Көктайғақ: Оралда жарақат алғандар еселеп артты
Көктайғақ: Оралда жарақат алғандар еселеп артты

Көктайғақ: Оралда жарақат алғандар еселеп артты

Оралда ауа райының құбылуы тұрғындарды әбігерге салды. Қаладағы қозғалыс қиындап, көк мұздан жығылып жарақат алғандар еселеп артқан. Толассыз жауған нөсер жаңбыр жүргізушілердің де жүйкесін жұқартты. Көктайғаққа байланысты облыс орталығынан шығатын бірқатар тас жол жабылды.

Оралда күн күрт жылынып, қарлы боран жауын-шашынға ұласты. Табиғаттың тосын мінезінен кейін қала көшелері көк мұзға айналып, қозғалыс қиындаған. Көлік түгілі, жаяу жүрудің өзі жұртқа азапқа айналды. 

- Жұмысқа бара жатқанда мектептің ауласында ұшып түстім. Аяғым астымда  қалды. Енді аяғым ісіп, тұра алмай жатырмын.

Кешелі бері көктайғақтың кесірінен құлап жарақат алғандар күрт көбейген. Көк мұздан тайып жығылғандар таңнан бері травматология бөлімшесіне ағылуда. Мерттікендердің арасында миы шайқалғандар да бар.

Ақылбек Бақаев, БҚО көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Соңғы тәулікте 82 адам келіп түсті. 52 адам көктайғақтан құлап келгендер. Әр түрлі жарақтпен. Қол, аяқ, бас, кеуде жарақатымен. Стационарға кейбір науқастар жатқызылды. Травматология және нейрохирургия бөлімшесіне. Сынық және жабық бас жарақтымен жатқандардың жағдайы жақсы. Ем алуда

Қалалық коммуналдық қызмет өкілдеріне де тыным жоқ. Ал құтқарушылар көктайғақта трасссаға шығу өте қауіпті екенін жүргізушілерге қайта-қайта ескертіп әлек. Қазір ауа райына байланысты облыс орталығынан шығатын бірқатар бағыттағы тас жолдар жабылды.

Нұралы Мусиев, БҚО ТЖД бас маманы:

- Асқала-Аққурай, Ресей Федерациясының шекарасы, Үлкен Шаған-Мереметная, Орал-Керсано бағытындағы жолдар жабық. Облыс тұрғындарына ескерту: шама келгенше алыс жолға шықпаңыздар. Егер  шыққан жағдайда жол жүру ережесін сақтаңыздар. Өте мұқият болыңыздар. 

Ал синоптиктер күннің жылынуы үш күнге созылады деген болжам жасады. Ары қарай ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, өңірді аяз қайта қыспаққа алмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде