Егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай әлсірей бастаса...
Пандемияға қатысты экономикадағы дағдарыс ұзаққа созылса, Үкіметтің «Б» жоспары дайын. Оны «Нұр Отанның» парламенттегі фракциясының отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты. Тек «Б» жоспарына көшу үшін бірнеше себебі болу керек.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.02.2021
Депутаттар бұл қадамға түсініспен қарағанымен, министрден дағдарыстан шығудың басқа да жолы болу керегін сұрады. Ұлттық экономика министрінің оған да жауабы дайын екен. Ерғалиевтің айтуынша, Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп арнайы жоспар әзірлеген. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай әлсірей бастаса, Үкімет сол жоспарға көшеді.
Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Бізде ондай жоспар бар. Ол бірқатар шараны топтастырған кешенді пакет. Ол халыққа, бизнеске лайықты қолдау көрсетіп, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтуға бағытталған. Елде қиын жағдай туа қалса, сол жоспарға көшеміз. Яғни коронавирустың таралуы күшейсе, экономика мен мұнай бағасы тым қатты құбылып келсе және сол секілді басқа да жағдайларға дайынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!