Шетелге ұшатын қазақстандықтарға шектеулер алына бастады
Алыс-жақын шетелге ұшақпен қатынағысы келетін қазақстандықтарға шектеулер алына бастады. Ал карантиге байланысты жердегі шекара арқылы әр азаматқа 30 күнде тек бір рет өтуге рұқсат берілді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
12.02.2021
Мұңдаш Муллашев, ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаментінің аға кеңесшісі:
- Бүгінде Қазақстан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Грузия, Германия, Түркия, Нидерланд, Оңтүстік Корея секілді, барлығы 14 елмен әуе қатынасы жандандырылды.
Басқа елді бетке алған шетелдік азаматтар көлікпен Қазақстан арқылы өте алмайды. Тек транзиттік әуе рейстеріне ғана рұқсат. Ал Қазақстанда тұратын шетелдіктер шекарадан айына бір-ақ рет өте алады. Бұл шектеу әуе рейстерінде қатынауда ел азаматтары үшін күшін жойды. Яғни Ресейден, не алыс шетелден келген адам келесі күні басқа мемлекетке әуе рейсімен ұшып кете алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!