{metadescription}
Ковид-19: 53 сырқаттың жағдайы нашар
Ковид-19: 53 сырқаттың жағдайы нашар

Ковид-19: 53 сырқаттың жағдайы нашар

Қазақстанда пандемия басталғалы ковид-19 жұқтырғандардың саны 200 мың адамнан асты. Ал былтыр тамыз айынан бері коронавирус пневмониясының құрығына іліккендердің қатары 49 мыңға жуықтаған.

Елімізде соңғы тәулікте 5 адам қауіпті кеселден қайтыс болды. Төртеуі коронавирустан жан тапсырса, біреуі қос өкпесі қысылып көз жұмды. Ал өткен бір күнде 951 отандасымыздың тапсырған сынамасынан ковид-19 анықталса, 82 адам коронавирус пневмониясын жұқтырған. Әсіресе  Павлодар облысында 163, Алматыда 108 және Нұр-Сұлтанда 109 тұрғынның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Өткен тәулікте мың 167 адам кеселден айыққанымен, әлі 24 мың 847 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 53 сырқаттың жағдайы өте нашар болса, 44 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде