Наурыз мейрамын 10 күн тойлаймыз
Қазақстан Наурыз мейрамын 10 күн тойлайды. Шенеуніктер тұжырымдамасын әзірлеп, ашық талқыға салды. Егер құжат қабылданса, ең көне мейрам 14-наурыздан бастап тойлануы мүмкін. 10 күннің барлығында қазақстандықтардың демалып, не демалмайтынын мәдениет министрлігі қарастырып жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
15.02.2021
Он күн бостан-бос өтпейді. Әр күннің өз мағынасы және тойлануы ерек. Мәселен, 14-наурыз елдің батыс өңіріндегі сияқты көрісуге арналған. Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды.
15-наурыз «Жайлау күні» деп аталады. Бұқара үй-жайын, мекемелер кеңсесін тазартады, алаң сыпырып, қардан, қоқыстан арылады. Ренішін ұмытып, бір-біріне қонаққа барады.
Содан кейінгі күн шежіреге арналады. Мал сойылып, бауырсақ пісіріліп, ата-бабаларына көпшілік құран бағыштайды.
17-наурызда тарихқа тағзым етіп, содан кейін игі істерді қолға алады.
19-наурызда ұлттық спорт дәріптеледі.
20-наурызда даналық пен білімге бастайды.
21-22-23 наурызда ұлттық тағамдар пісіріліп, күн мен түннің теңелуі күтіледі, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Тұжырымдама әлі күшіне енген жоқ. Ал ашық талқылауға барлық қазақстандық қатыса алады.
Биылғы наурыз айында ел азаматтары бес күн демалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!