{metadescription}
Елімізде жылда 600 бала обырға шалдығады
Елімізде жылда 600 бала обырға шалдығады

Елімізде жылда 600 бала обырға шалдығады

Қатерлі ауруға қарсы тұра алған балақайлар. Алматыда онкологтар кішкентай науқастарына мереке сыйлады. Обыр – қауіпті дерттен қорықпай, онымен күресіп жүрген балалар тосын сыйға мәз болды.    

Әуен мен балалар күлкісіне толған бұл орынды аурухана деп айтуға ауыз бармайды. Жиһазы мен қабырғасындағы суреттерге қарап, тура балабақша дерсіз. Бірақ мұнда жылда 200-дей бала обырдан емделеді. Химия және сәулелі терапиядан өтеді. Алайда кішкентай күрескерлер өздерін науқас сезінбеуі үшін дәрігерлер осылай қабырғаға дейін безендіріп қойған. Ал бүгін балалардың қатерлі ісік ауруымен күрес күніне арнап үлкен мереке ұйымдастырып берді.

Елімізде жылда 600 бала обырға шалдығады. Көбіне ми, қан ісігі дейді дәрігерлер. Өмірге құштар балақайлар көп жағдайда қауіпті дертті жеңіп, құлан-таза айығып шығып жатыр екен. 

Диляра Қайдарова, ҚР ДСМ Бас онкологы:

Ісік секілді дертті жазып шығаруға бізде барлық жағдай жасалған. Емделіп кетіп жатқан жайттар бізде өте көп. Сондықтан, ең бастысысену керек, қаймықпау керек. Ата-аналарға айтарымыз: бір жасқа дейін денсаулығын жіті бақылап, уақтылы медициналық тексеруден өткізіп тұру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде