{metadescription}
Атыраудағы апатты үй тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр
Атыраудағы апатты үй тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр

Атыраудағы апатты үй тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр

Атырауда 16 отбасы апатты үйде үреймен өмір сүріп жатыр. 60 жыл бұрын салынған қос қабатты үйлер 2016 жылы тұруға жарамсыз деп танылыпты. Бірақ содан бері құлағалы тұрған баспананың қожайындары жаңа үйге көшірілмеген. Іргетасы шөгіп, қабырғасы сыз тартқан үйдің қазіргі сиқын тілшіміз көріп келді.

Алты жыл бұрын апатты деп танылған үйлерде 16 отбасы тұрады. Екі қабатты қос үйдің әбден тоз-тозы шыққан. Ыстық су, көгілдір отын дегенді тұрғындар өмірінде көрмеген. Іргесі сөгіліп, шаңырағы ортасына түскелі тұрған баспананың сыз тартқан қабырғалары көгеріп кеткен.

Қалампыр Жансекерова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Не газ жоқ, не су жоқ, не дәретхана жоқ. Дәретке далаға шығамыз. Плиткада тамақ пісіреміз. Тоқтар 62 жылдан бері тұр. Өртеніп кетсе не болады?!

Алпыс жыл бұрын салынған үй қайта жөндеуге келмейді. Себебі, қабырғаларына ылғал әбден сіңіп, іргетасы шөгіп кеткен. «Көк иісінен шетінен ауруға шалдықтық, - дейді тұрғындар. Әсіресе жас балалар арасында өкпе ауруы көбейген.

Самат Ғұмаров, Атырау қаласының тұрғыны:

- Үйде бала бар ауырып жатыр. Қыс бойы үйдің іші көгеріп тұрады, көк қаптап кетеді. Демалыс сайын хлормен жуамыз. Одан не пайда?! Үй деген жерге отырып жатыр.

Тұрғындардың арыз-шағымынан кейін бұл үй 2016 жылы «апатты» деп танылыпты. Бірақ содан бері бес жыл өтсе де, жаңа баспанаға көше алмай жүр. Өйткені жергілікті әкімдік күнде «ертеңмен» созбалаңға салып келеді екен.

Рафхат Жолдиев, Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі:

- Жекеменшік үйлерді кәсіпкерлерден сатып алу мәселесін қарастырып жатырмыз. Ол да бюджеттің қаражатына байланысты. Сондықтан да мен қазір осы жерде мынандай уақытта беріледі деп айтпаймын. Ол қаражатқа байланысты. Оны мен де айта алмаймын!

Атырау қаласында дәл осындай апатты жағдайдағы 70 тұрғын үй тіркелген. Әр үйде шамамен 15 отбасы күн кешуде. Ал тұрғындардың жаңа баспанаға қол жеткіземіз деп жүргеніне бес жылдан асқан. Әкімдік: «Оларға бере қоятын әзірге үйіміз жоқ» дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде