{metadescription}
Алматы облысында бір топ дәрігер жол апатына ұшырады
Алматы облысында бір топ дәрігер жол апатына ұшырады

Алматы облысында бір топ дәрігер жол апатына ұшырады

Алматы облысында бір топ дәрігер жол апатына ұшырады. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Есік қаласынан Бәйдібек би ауылына бағыт алған шағын автобуста 21 адам болыпты. Жол бойында төңкеріліп түскен көліктен әупірімдеп аман шыққан жолаушылар бірден аудандық ауруханаға жеткізілген.

Аян Шілдебаев, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының дәрігер-травматологы:

- Қабылдау бөліміне 21 адам жеткізілді. Барлығы  жол апатына түскен. Жеңіл-желпі жарақат алған 18 адам үйіне қайтарылды. Қалған үшеуін ауруханаға жатқыздық. Алайда біреуіне ота  жасауға облыс ауруханасына жөнелттік. Оның омыртқасы сынған.

Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Сатай ауылының маңында болған. «Мерседес Спринтер» көлігіндегі жолаушылар Есік қаласындағы перзентхана қызметкерлері екен. Барлығы көліктің алдыңғы терезесін сындырып әрең сыртқа шыққан. Алайда облыс денсаулық сақтау басқармасындағылар «жолаушылардың бәрі бірдей перзентхана қызметкері емес» деп отыр.

Бірақ қарамағындағы қанша қызметкер апатқа түскенін нақты айта алмады. Шенеуніктердің айтуынша, Есіктегі перзентханада тазарту жұмысы жүріп жатқандықтан, уақытша Бәйдібек би ауылына көшкен. «Жол апаты дәрігерлер жұмысқа бара жатқанда болған» - дейді басқарма өкілдері. «Қазір науқастардың жағдайы орташа деңгейде» деген мамандар, олардың өміріне айтарлықтай қауіп жоқ екенін айтуда. Ал полицияның мәліметінше, жүргізуші көк тайғақ пен тұманның кесірінен тізгінге ие бола алмай қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.