Полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан – Атырау облысы
Атырау облысында есірткі саудасымен айналысқан полиция қызметкерлері ұсталды. Тәртіп сақшылары тыйым салынған затты доңғалақтың ішіне жасырған.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
15.02.2021
- Жасыл түсті, иісі бар ма?
- Бар!
- Куәгерлер, көріп тұрсыңдар ғой?
Қулығына құрық бойламайтын полицейлер жасыл түсті ұнтақты мотоцикл дөңгелегінің ішіне текшелеп салған. Кейін оны автокөлікке тиеп жолға шыққан. Алайда Атырау-Доссор тас жолында қос полицейді өз әріптестері ұстады. Олардың бірі – еңбек демалысында, ал екіншісі қызмет бабында болған. Қазір оларға тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдады деген айып тағылығып отыр. Алайда есірткіні қайдан алғаны және кімге сатпақшы болғаны жайлы мағлұмат жоқ. Тіпті тәртіп сақшылары ұсталған әріптестерінің нақты қандай қызметте істейтінін де ашып айтпай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!