{metadescription}
Кәсіпкерлер балаға арналған ойын-сауық орталықтарының ашылуын талап етті
Кәсіпкерлер балаға арналған ойын-сауық орталықтарының ашылуын талап етті

Кәсіпкерлер балаға арналған ойын-сауық орталықтарының ашылуын талап етті

Карантин қаусатқан кәсіп. Елімізде балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының иелері ашылуға рұқсат беруді талап етті. Коронавирус кесірінен былтыр наурызда олардың қызметіне тыйым салынған.  Бизнесмендер осы кәсіпті ашу үшін алған миллиондаған несиесін төлей алмай тығырыққа тіреліпті.

Әрі жұмыс тұралап қалса да, ай сайын коммуналдық қызметке қомақты ақы төлеуге мәжбүр.

Бұл орталыққа бала кіріп ойнамағалы жылға жуықтады. Ойын аппараттарын шаң басып тұр. Себебі, сауда ойын-сауық орталығында орналасқан балалар алаңқайларының қызметіне былтыр 13 наурызда тыйым салынған. Мұндай кәсіпті ашуға бизнесмендер миллиондап несие алған. Енді соны қалай төлерін білмей дал. Әрі жұмысы тұралап тұрса да, коммуналдық қызметке ақы төлеуге мәжбүр.

Дәурен Бегалы, ойын-сауық орталығының директоры:

- Біз ай сайын банкке миллион теңге несие төлеуіміз керек. Қарызға кіріп жатырмыз. Оның үстіне айыппұл, пеня дегендер жүріп жатыр. Жалға беруші мекеме жалға беруді тоқтатты. Бірақ коммуналдық төлем мен пайдалану шығыны жүріп жатыр. 1Оларға қазір, ай сайын жұмыс істемей отырып, 300 мың теңге төлеп жатырмыз.

Әр ойын-сауық орталығында 50 қызметкерден жұмыс істеген. Кәсіпкерлер соның бәрін ақысыз демалысқа жіберіпті. Жұмысшылардың бірі балалар орталығының ашылуын әлі күтіп жүрсе, енді бірі басқа жұмыс тауып алған.

Бақтияр Жушнов, ойын-сауық орталығының директоры:

- Өзіміз былтыр қаңтарда ашылып едік. Бар-жоғы үш ай жұмыс істеп, карантинге байланысты жабылып қалдық. Қазір тек ас үйіміз жеткізу қызметімен жұмыс істеуде. Сол үшін нысанды жалға алу ақысының жартысын төлеп отырмыз. Қаржылық жағдайымыз қиындап кетті.

Баласын сергіткісі келетін ата-аналар да мұндай орталықтардың қайта ашылғанын қалайды екен. Алайда бұйрық шығаратын санитар дәрігерлер оны мүлдем ұмытып кеткендей.

Елена Линд, ойын-сауық орталығының өкілі:

- Автобустар жүреді, сауна мен фитнес орталықтар жұмыс істейді. Ал балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салынған. Біз де санитарлық талапты қатаң сақтауға дайынбыз. Керек болса, ойын аппараттарын сағат сайын залалсыздандырамыз. Тек ашылуымызға рұқсат берсе екен.

Шығынға батқан бизнесмендер санитар дәрігерлерге де, кәсіпкерлер палатасына да талай жүгінген. Алайда еш нәтиже болмапты. Бүгін де санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер балаларға арналған орталықтардың әзір ашылмайтынын кесіп айтты. Себебі – өте қауіпті.

Ержан Байтана, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Балалар мен жасөспірімдер – вирус тасымалдаушылары. Бұл отбасының өзге мүшелері мен айналадағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Ойын-сауық орталықтарында балалардың әлеуметтік арақашықтықты және бетперде режимін қаншалықты сақтайтынын қадағалау өте қиын. Өйткені бұл талаптар 5 жасқа дейінгі балаларға міндетті емес.  Сондықтан қазір сауда-ойын орталықтарының ішіндегі балалар ойнайтын орталықтарды ашу мәселесі қарастырылмайды.

 Кәсіпкерлер: «Жақын арада жұмысқа қайта кіріспесек, жабылуға тура келеді. Жанайқайымызға жауаптылар құлақ асса екен», – дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.