{metadescription}
Ақтауда гипермаркет қызметкерлері жаппай астан ұшынған
Ақтауда гипермаркет қызметкерлері жаппай астан ұшынған

Ақтауда гипермаркет қызметкерлері жаппай астан ұшынған

Ақтауда сауда орталығының қызметкерлері жаппай тамақтан ұшынған. Науқастарға сальмонеллез диагнозы қойылды. Гипермаркеттің төрт жұмысшысы түскі астан кейін ауруханадан бір-ақ шыққан.

Мадина Қадырова:

Жағдайымыз жеңіл болып келген жоқ. Үйде балдарымыз бар, оларға да жұқтыруымыз мүмкін. Үш айда есепке тұру оңай емес. Өмір бойына ауыратын шығармыз. Оған да ешкім кепіл емес.

«Ас ішеміз» деп төсекке таңылғандар екі аптадан бері ауруханада жатыр. Оларға түскі тамақ тегін беріледі екен. Ішек инфекциясын жұқтырғандар: «Улы ас жарамдылық мерзімі өткен немесе бұзылған тағамнан дайындалған болуы мүмкін» - дейді. «Тіпті осы жағдайдан кейін гипермаркет басшылары ақ халаттылардың мұртын майлап, диагнозды өзгертпекші болды», - дейді жәбірленушілер. Ал сауда орталығының өкілдері мұның бәрін жоққа шығаруда. Тегін түскі асты басқалары да ішкенін айтады. Сондықтан астан ұшынған төрт қызметкердің әрекетін көпе-көрнеу жала деп отыр.

Нұрсұлу Абдуалиева, «Дина» гипермаркетінің директоры:

- Ауырғандармен бірге 200-250 қызметкер тамақтанған. Олар неге уланбады? Ұзынқұлақтан естуімше, олардың біреуі ауырмастан бір күн бұрын суши жепті. Мүмкін содан уланған шығар. СЭС-ке тексеруге жібердік. Содан кейін бәрі белгілі болады. Науқас қызметкерлеріміздің хал-жағдайын біліп, байланыс жасап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде