{metadescription}
Еліміз Еуроодақ депутаттарының қатаң сынына жауап берді
Еліміз Еуроодақ депутаттарының қатаң сынына жауап берді

Еліміз Еуроодақ депутаттарының қатаң сынына жауап берді

Сыртқы істер министрлігі Еуроодақ депутаттарының қатаң сынына жауап берді. Жақында Еуропарламент елімізде адам құқықтары бұзылғанын айтып Қазақстанға қарсы санкциялар енгізуге шақырған қарарын жариялады. Ол құжатта жазылғандардың барлығы біздегі шынайы жағдайды нақты айшықтамайды дейді министрлік.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Брюссельдегі кейбір қарарларды еуро депутаттар фактілерді мұқият тексермей немесе мәселенің мәнін зерттемей, автоматты түрде қабылдайтынын білеміз. Осыған байланысты жаңа қарарда дәстүрлі түрде бір құжаттан екінші құжатқа «көшіп жүретін» көптеген «ескі кейстер» бар екені бізді таңғалдырмайды. Бірқатар Еуропарламент мүшелері еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірлеріне қарамастан, өз партияларындағы ішкі тәртіпке сәйкес, осы қарарды қабылдауға дауыс бергенін түсінеміз.

Сыртқы істер министрлігі қарардағы сын біржақты болса да, еліміз адам құқықтарын қорғаудағы міндетін мақсатты, дәйекті жүзеге асырып жатыр деп атап өтті. Тіпті осы мақсаттағы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келетін саяси реформасын Еуроодаққа мүше мемлекеттер қолдайды. Мәселен, қарарда еуропалық депутаттар бейбіт шерулер туралы Қазақстан заңына өзгерістер енгізу керек деп жазған. Алайда 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазақстандықтар бейбіт жиналыстар өткізуге рұқсат сұрау қажет болмай қалды. Тек әкімдікті ескерту керек.

Тьерри Мариани, Еуропарламент депутаты (Франция):

Қазақстан көптеген жыл бойы демократия мен адам құқықтарын құрметтеу саласында айқын прогресске қол жеткізіп келеді. Жақында саяси партиялар мен бейбіт жиналыстар туралы заңы аясында 2020 жылғы мамырда қабылданған бостандықтарды кеңейтетін реформалар туралы қайта жариялады. Әрине, үлкен прогресске қол жеткізуге болады. Қазақстан билігі мұны өзі де мойындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде