{metadescription}
Brent мұнайының бағасы қайта өсе бастады
Brent мұнайының бағасы қайта өсе бастады

Brent мұнайының бағасы қайта өсе бастады

Бір апта бұрын 60 доллар болған Brent мұнайының бағасы қайта өсе бастады. Соңғы рет бұл сұрыптың мұндай деңгейде болуы 2020 жылдың 7-қаңтарында тіркелген. Қазір қара алтынның бір баррелі 63 доллардан сатылып жатыр және бұл дамушы елдер валютасына бірден әсер етті.

«АҚШ долларының арзандауы жағымды жаңалық болғанымен, уақытша ғана», - дейді мамандар. Былтырғы жаздың көрсеткіштеріне қол жеткізген теңгенің рекордтық күшеюіне қарамастан, экономистер оң болжам жасауға асықпайды. Сарапшылар валюта бағамы жақында бұрынғы қалпына қайта оралады деген пікірде.

Бүгінде ақша айырбастау пунктерінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы – 417 теңге.  

Биыл Қытай юані құнсыздануы мүмкін. Қытайлық валютаның тағдырын ресейлік экономистер осылай деп болжайды. Олардың айтуынша, Қытай валютасы АҚШ-пен сауда соғысының аяқталуына байланысты тұрақтылығын жоюы әбден мүмкін. Ал қазақстандық мамандар бұл пікірді қолдамайды. 

Расул Рысмамбетов, экономист:

Қандай валюта курсы болмасын, алдымен ол экономиканың күші. Егер біз юань бағамы арзандайды, түседі десек, онымен бірге Қытай экономикасы да төмендеуі керек. Бірақ қазір жағдай мүлдем басқа. Қытай әр елге инвестиция құйып жатыр, даму жағы да белсенді. Қытай мен АҚШ арасындағы барлық қақтығыс шешілді деп айту мүмкін емес. Сондықтан Қытай юані әлсірейді деу ертерек деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде