{metadescription}
ТЖД: Биыл Тараз бен Байзақ ауданын су басу қаупі жоқ
ТЖД: Биыл Тараз бен Байзақ ауданын су басу қаупі жоқ

ТЖД: Биыл Тараз бен Байзақ ауданын су басу қаупі жоқ

Тараз қаласы мен Байзақ ауданының жұртына Талас өзенінен төнетін қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, биыл Киров су қоймасының толымдылығы небәрі 50 пайызды құраған.

Бүгін төтеншеліктер өңірдегі ірі қоймалар мен өзен-көлдерді әуеден бақылап шықты. Аймақта қоймаларда су деңгейі көтеріліп немесе қар еріп, жауын шашын мол болса, 38 елдімекенді су басып қалуы ықтимал. «Дегенмен биыл ондай қорқыныш жоқ» деп сендіреді төтеншеліктер. Өйткені олар гидротехникалық нысандарды толық бақылап шыққан. Оның ең қауіптісі Киров су қоймасы болатын. Содан бөлінетін Талас өзені жылда тасып, ел-жұртты әбігерге түсіретін. Ал дәл қазіргі жағдайда су жайылу қауіпі жоқ екен. Әзірге таулы аймақтарда да жағдай тұрақты көрінеді. Өйткені өңірдің көп бөлігінде қардың көбесі сөгіліп, тоң жібіген.  

Омар Тәкеев, Жамбыл облысы ТЖД басқарма бастығы: 

- Су қоймаларының толымдылығы шамамен 30-40 пайыз. Ірі су қоймаларының толымдылығы – 50-55 пайыз. Бүгінде елдімекендерге, шаруашылық нысандарына су қоймалардан қауіп жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде