{metadescription}
Шымкентте қоғамдық көлік жарысынан жолаушының омыртқасы сынған – Шымкент
Шымкентте қоғамдық көлік жарысынан жолаушының омыртқасы сынған – Шымкент

Шымкентте қоғамдық көлік жарысынан жолаушының омыртқасы сынған – Шымкент

Автобусқа мінем деп омыртқасы сынды. Шымкентте қоғамдық көліктердің жарысынан жолаушы әйел мертігіп ауруханада жатыр. 40 жастағы Дилярам Юлдашева аяғынан тік тұрып кетуі үшін бірнеше ота жасатуы керек.

Ал жолда жын ұрғандай жүйткимін деп, жолаушыны мүгедек қылған жүргізуші мен автопарк басшылары жәбірленушіден кешірім де сұрамаған.

Балаларымен бірге базарға бармақшы болған Дилярам Юлдашева діттеген жеріне жете алмады. Есік алдынан 138-ші бағыттағы қоғамдық көлікке отыра сала, «автобус басқаларымен жарыса жөнелді» дейді. Аялдамаға жақындаған сәтте күрт тоқтағанда бірнеше адам жерге омақаса құлапты. Көбін сол жерден ауруханаға жедел жәрдем жеткізген. Ал 40 жастағы әйел әлі күнге қимылсыз жатыр. 

Дилярам Юлдашева, зардап шеккен жолаушы:

- Ұшырып кетіп, кенет тежегенде құлап түстім. Бір апай басын жарды. Сол жерден шақырттым. Тұра алмай қалам ба деп қорқып жатырмын. Енді доқтырларға сеніп жатырмын. Құдайға және дәрігерлерге.

Дәрігерлер науқастың жарақаты ауыр дейді. Омыртқасы зақымданған жолаушыны аяғынан тұрып кетеді деп те ашып айта алмайды. Жағдайы тұрақталса, ота жасап, омыртқасына цемент құямыз деп отыр.

Жандос Зәуірбеков, нейрохирург:

- Жабық омыртқа жарақаты бар, омыртқасының бір тұсы сынған. Әзірге тек симптоматикалық ем жүргізіп жатырмыз. Әрине, мүлдем тұра алмай қалуы да мүмкін. Енді тағы екі апта қадағалап көреміз.

Жолауышлар қауіпті деген 138-ші бағыттағы қоғамдық көлік Shymkent bus  компаниясына тиесілі. Олар әзірге сол кездегі жүргізушіні жұмыстан шығардық деп отыр. «Осыған дейін де жәбірленушінің туыстары келіп ақша талап етті» деген олар, қандай да қаржылай көмекті тек сот шешімімен береміз дейді.

Жамалидддин Рысқұлов, Shymkent bus компаниясының жол қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

- Зақымданушыға біз сақтандыру полисі арқылы көмек бере аламыз.  Ол үшін зардап шеккен жолаушы алған жарақатының дәрежесін көрсетуі керек. Сол дәрежесі бойынша сақтандыруға арналған ақшасы төленеді. Оны төлеу үшін біз сот қаулысын алуымыз керек.   

Жалпы Шымкентте жолдағы автобус жарысы қалыпты құбылысқа  айналған. Десе де Shymkent bus компаниясындағылар «жолаушылардың жәбір көргені осы жолы ғана» деп міз бақпады. Ал дәрігерлер автобуста жарақат алғандар апта сайын түсетінін ашық айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде