{metadescription}
COVID-19: Алты науқас бақилық болды
COVID-19: Алты науқас бақилық болды

COVID-19: Алты науқас бақилық болды

Елде соңғы тәулікте коронавирус дерті дендегендердің қатары тағы 686 адаммен толығып, өкінішке қарай, 6 науқас бақилық болды. Павлодар облысы ауру көрсеткіші көп тіркелген аймақтардың сүреңсіз статистикасында көш бастап тұр.

Ал бір айдан аса «қызыл аймақта» болып, «сарыға» енді ауысқан Ақмола облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 70-80 адамға азайған. 

Алайда қатаңдатылған шектеулер бірден алынбай, санитарлар жағдайды екі апта бойы адағалайды. Өйткені карантин талаптарын өрескел бұзғандардың қатары қысқармай отыр. Жыл басынан бері мониторингтік топтар 6 мың нысанды тексеріп 186 рет айыппұл салған.

Балалар арасында да үш тоқсанда ғана 416 оқушы вирус жұқтырыпты. Қазір 71 мектеп карантинге жабылып, балалар тегіс қашықтан оқып жатыр.

Айнагүл Мусина, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- 1-ақпаннан бастап 82 мектепті карантинге жабуға тура келді. Соның нәтижесінде жұқпалы дерттің таралуын тежедік. Қазір 11 мектепте шектеулер жеңілдетілді. Енді «сары аймаққа» өткеннен кейін қатаң шектеулерді жеңілдету үшін ақпанның 22-сіне дейін мониторинг жүргіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде