Моншаға барамын деп мансабынан айырылды – Семей
Моншаға барамын деп мансабынан айырылды. Семейде жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы мен бірқатар әріптесі жұмыстан шығарылды. Олар жақында ғана басшы болып тағайындалған Ришад Сұңғатовтың қызметін жуу үшін саунаға барған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
16.02.2021
Бір топ учаскелік полиция қызметкерінің жартылай жалаңаш күйде моншада отырған суреттері әлеуметтік желіге тарап кетті. Карантин кезінде топтасып той тойлағандарды жұрт қатаң сынаған. Осыдан кейін қызметтік тексеріс жүргізген өзіндік қауіпсіздік қызметі Ришат Сұңғатовтан бастап, бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты. Ал қарапайым инспекторлар қатаң сөгіс алды. Енді моншаға барған полицейлер әкімшілік жауапқа да тартылады.
Әйгерім Нұрғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:
- Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты уәкілетті органға Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін аталған қызметкерлерді әкімшілік жауапқа тартуға тиісті материалдар жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!