{metadescription}
0:000:00
Долардың арзандап, теңгенің тұрақталуының негізгі себебі

Долардың арзандап, теңгенің тұрақталуының негізгі себебі

Ұлттық банк доллардың арзандап, теңгенің тұрақталуына қатысты негізгі себептерін атады. Ол біріншіден, ОПЕК+ ұйымының мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі шешімі. Екіншіден – ұлттық қордан шығатын трансферттер.

ОПЕК+ елдері ақпан-наурызда мұнай өндірісін азайту туралы келіскен соң, қаңтарда қара алтын құнының өсім қарқынын байқатқан. Сол қарқын осы айда да жоғалмай, мұнай баррелі 63,3 долларға жетті. Әлемдік мұнай бағасы өссе, доллардың құны көтерілетіні әсіресе дамушы елдерде қатты байқалатын. Сол әдетпен қаңтар айында Бразилия, Мексика, Оңтүстік Африка және Ресейдің төл валюталары 3-5 пайыз аралығында құнын жоғалтқан. Теңге де 0,8 пайызға арзандады. Есесіне Ұлттық қордың республикалық бюджетке кепілді түрде аударатын көлемді қаражаты мен квазимемлекеттік сектордың экспорттан түскен пайдасының бір бөлігін нарыққа сатуы теңгенің жағдайын біраз жақсартып қойды.

Бір айта кетерлігі, экономиканың нақты секторы 3,6 пайыз өсім көрсеткенімен, елдегі бір ғана мұнай өндірісің азаюы жалпы ішкі өнімді төмендетіп отыр.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты мұнай өндірудің 12,3 пайызға қысқаруы кен өндіру өнеркәсібінің төмендеуіне әкелді. Нәтижесінде қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны -4,5 пайызды құрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде