Қымбаттаған азық-түлік бағасын ауыздықтау ұсынылды
Елдегі инфляция деңгейі 7,4 пайызға жетті. Нарықты қымбатшылыққа ұрындырып бара жатқан, әсіресе азық-түлік. Былтыр инфляция 2021 жылы 4-6 пайыз аралығына түседі деген Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың болжамы кері кетіп бара жатқан сияқты.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.02.2021
Бас банкирдің айтуынша, жалпы инфляция өсімі, әсіресе Маңғыстау облысында қатты байқалады. Қарағанды облысы мен елорда да елдегі орташа көрсеткіштен асып түскен. Соның ішінде азық-түлікке келгенде инфляция бүкіл елде 11,4 пайыз деңгейіне жеткен.
Азық-түлік бағасы Қарағанды, Атырау және Павлодар облыстарында қатты өскен. Бұлардың қасында, азық-түлік емес тауарлар құны, керісінше, 0,1 пайызға кеміген. Жағдайды ушықтырмас үшін Ұлттық банк төрағасы Үкімет пен өңір басшыларына өсімдік майы, қант, жұмыртқа сынды ең қатты қымбаттаған азық түрлерінің бағасын ауыздықтауды ұсынып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!