{metadescription}
Мас жігіт қаланың қақ ортасында экскаватор айдап кетті
Мас жігіт қаланың қақ ортасында экскаватор айдап кетті

Мас жігіт қаланың қақ ортасында экскаватор айдап кетті

Арақтың әлегі! Нұр-Сұлтанда спирттік ішімдік ішкен жас жігіт экскаватор айдап кетті. Қатты мас болғандықтан есінде ештеңе қалмаған.  

Қарағандыдан елордаға көшіп келген азамат экскаватор жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Досының үйінде ішкен соң, далаға шығып, қаңтарылып тұрған техниканы көрген. Жұмысы сол кезде есіне түссе керек. Экскаваторға отырып алып, жолдың қақ ортасында оны шыр көбелек айналдырып тұрып алған. Ал техника иесі мүлкінің қолды болғаны жайлы полицейлерден біліпті. 30 жастағы жігіт енді 3 миллион теңгедей айыппұл төлейді немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде