{metadescription}
Алматы әкімдігі мен сүрілетін үй тұрғындары ортақ келісімге келді
Алматы әкімдігі мен сүрілетін үй тұрғындары ортақ келісімге келді

Алматы әкімдігі мен сүрілетін үй тұрғындары ортақ келісімге келді

Алматы әкімдігі мен мемлекетке өткелі жатқан үйдің тұрғындары ортақ келісімге келді. Жергілікті билік сүрілетін баспана иелеріне қомақты өтемақы төлеп, кейбіріне жаңа баспана алып беретін болды.

Ирина Пономарева, Алматы қаласының тұрғыны:

Тұрғындар өтемақысын алды. Әкімдік берген қаражат көңілімізден шықты. Кейбір тұрғындар жаңа баспана алды. Біздің мәселеміз шешілді. Жүгімізді буып-түйіп, наурыз айында көшеміз. Бірақ бізді асықтырып жатқан жоқ.

Өткен жылы қаланың қақ ортасында орналасқан екі қабатты үш үй мемлекет меншігіне өткізіліп, бұзылуы тиіс болған. Қала әкімдігі тұрғындарға өтемақы төлеп беретінін айтқан. Алайда жұрт атқамінерлер ұсынған қаражатқа келіспей, басқа жерге көшуден бас тартқан. Халықтың наразылығынан кейін шенділер 39 пәтерді қайта бағалады. Қазір тараптар ортақ мәмілеге келген. Алдағы уақытта 60-шы жылдары салынған ескі үйлер сүріліп, орнына әкімшілік ғимараты салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде