{metadescription}
Ақтауда элита үйдің үлескерлері екі жыл тентіреп жүр
Ақтауда элита үйдің үлескерлері екі жыл тентіреп жүр

Ақтауда элита үйдің үлескерлері екі жыл тентіреп жүр

Ақтаулық үлескерлер екі жылдан бері баспана ала алмай жүр. 2019 жылдың желтоқсанында берілуге тиіс таңдаулы үйдің құрылысы тұралап қалған. Миллиондап ақша құйылса да, он алты қабатты баспананың тек 11 қабаты көтерілген. Тірнектеп жиғанын болашақ баспанасына салғандардың шыдамы таусылды.  

Үлескерлер құзырлы органдардың есігін қағып жүр. Ал мердігер мекеме өкілдері баспаналарын «биылдан қалмай үлестіреміз» деп уәдені үйіп төкті.

Хамидолла Өтесінов 2018 жылы үйін сатып, бес бөлмелі пәтер алуға құрылыс компаниясына 18 миллион құйыпты. Келісімшартпен бір жылдан кейін баспана кілтін алуы керек болған. Бірақ ойлағаны орындалмады. 240 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жарты жолда тоқтап қалған.

Хамидолла Өтесінов, үлескер:

- Қаншама адам үй жалдап жүр. Құрылыстың бітер түрі жоқ. 100 пайыз төлегені бар, 80 пайыз төлегені бар. Бүгінгі істеп жатқан жұмысы осы. «Халық жиналады, осы жерге келеді» деген соң әкелдіріп жатыр. Басқа құрылыстан келіп жатыр ма, білмеймін. Үш адам жұмыс істеп жүр. Әне,  шелекпен бетон құйып жатыр. Мынадай элита үйге масқара ғой!     

Lepes Primera тұрғын үй кешеніне Хамидолла Өтесінов сынды миллиондап ақша құйғандар жетерлік. Бәрі де құрылыс компаниясының есігін күзетумен әлек. Әр келген сайын мердігер мекеменің де сылтауы дайын: «құрылыс материалдары жетпей жатыр», «карантин қолбайлау болды». 

Ербол Орынбаев, «Лепес» ЖШС атқарушы директоры:

- Мамыр айына дейін үйдің қаңқасын толық көтереміз. Қазір он бір қабаты көтеріліп, төбесі жабылған. Әлі бес қабаты бар. Енді құрылысты тоқтатпаймыз. Алматыдан құрылыстың қыр-сырын білетін 20 маманды шақырдық.  

Сақалды құрылыстан қалалық әкімдік те хабардар. «Шаһардың қақ ортасында тұрған үйдің бітпеуі бізді де мазалайды» - дейді атқамінерлер. Бірақ компания басшысынан тек құрылыс жөнінде хабар алып тұрғаннан басқа ешқандай шара қолдана алмаймыз деп, қол қусырып отыр.

Жанболат Жақыпов, Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Тексеру жүргізе алмаймыз. Мемлекет басшысының жариялаған мораториі бар – 2023 жылға дейін кәсіпкерлерге тексеру жұмысын тоқтатсын деген. Соған қатысы біздер қазір тек басшыларымен келіссөз жүргізе аламыз. 

Шенеуніктердің сырғытпа жауабына қанағаттанбаған үлескерлер: «Мәселе шешілмейінше, тыным таппаймыз» - деп отыр. Тіпті облыс әкіміне барып, прокуратура мен  сотқа да шағымдануға дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде