{metadescription}
Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы Шайкенов қамауға алынды
Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы Шайкенов қамауға алынды

Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы Шайкенов қамауға алынды

Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы қамауға алынды. Экс-төраға Ержан Шайкеновтің ұсталғанын Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. Бірақ тергеу мүддесін алға тартқан агенттік оған қандай айып тағылғаны туралы тіс жармай отыр.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, Шайкенов кеше ұсталыпты. Экс-банкир 2015-2019 жылдар аралығында Tengri Bank-тің басқарма төрағасы қызметін атқарса, былтырдан бері аталған қаржы ұйымының Директорлар кеңесін басқарған.

Өткен жылдың қараша айында басқарма төрағасы Бақтияр Ильясов пен Алматы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықов ұсталып, олар 5 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Ал жүйелі түрде заңбұзушылыққа жол берді деп танылған Tengri Bank сол жылы лицензиясынан айырылса, оны жабу жөніндегі шешім екі күн бұрын күшіне енді.

Енді салымшылар депозиттегі кепілдік берілген шекті сомадан артық қаржысын алуға банктің тарату комиссиясына өтініш бере алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде