{metadescription}
«Олимптің» мүлкі мемлекетке өткізіліп, 10 адамға іздеу жарияланды
«Олимптің» мүлкі мемлекетке өткізіліп, 10 адамға іздеу жарияланды

«Олимптің» мүлкі мемлекетке өткізіліп, 10 адамға іздеу жарияланды

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің 3,6 млрд теңгесі мемлекет қазынасына өтті. Атышулы ұйымның мүлкін тәркілеу туралы шешімді Алматының Алмалы аудандық соты шығарды.

Сот актісімен, миллиардтардан бөлек, 4 ұшақ пен 3 автокөлік те мемлекет меншігіне өтті. Мүліктің бәрін ұйымдасқан топтың қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

Елдегі ең ірі букмекерлік кеңсе былтыр қаңтарда жұмысын тоқтатқан. Ұйымға қатысы бар басшылары мен қызметкерлері, бас аяғы 10 адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Ізбасар Масақбаев, Алматы қалалық прокуратурасының бірінші басқарма басшысы:

- Алмалы ауданының соты 16-ақпанда Алматы қаласы прокурорының өтініш хатын қанағаттандырды. 12 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Ол Алмалы аудандық сотында қаралуда. 10 адамға іздеу жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.