Зейнетақы жинағының бір бөлігін басқарушы компанияға беруге болады
Келесі аптадан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияларға да бере алады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
17.02.2021
Қазір зейнетақы активтерін басқаруды жоспарлап отырған жекелеген компаниялар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен басқару шарттарын жасауға кіріскен. Шарт бекітіліп болған соң, Бірыңғай зейнетақы қорының сайтында басқарушы компаниялардың тізімі жарияланады. Содан кейін ғана салымшы компанияны таңдап, жинақтарының бір бөлігін сол жерге аударады.
Қазір Қазақстанда 18 басқарушы компанияның алтауы зейнетақы активтерін басқару құқығын пайдалану мүмкіндігіне ие. Зейнетақы жинағы бар кез келген азамат солардың біріне ақшасын құя алады. Бірақ ешбір компания салынған ақша еселеп өседі деп кепілдік бермейді. Тек табыс құйылған сомадан азайып кетсе, мекеме өз есебінен өтеуге міндеттелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!