{metadescription}
КВИ белгісі екі жылға сақталады – Мамандар кеңесі
КВИ белгісі екі жылға сақталады – Мамандар кеңесі

КВИ белгісі екі жылға сақталады – Мамандар кеңесі

Ковидпен ауырып шыққан адамда коронавирус белгілері екі жылға дейін сақталуы мүмкін. Оның ең айқын белгілері – ұзаққа созылған құрғақ жөтел мен дәм сезбеу. Мұндайда науқас дұрыс күтінуі керек. Әсіресе иммунитетті көтеріп, дұрыс тынығу қажет. 

Сәуле Қасенова, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры:

- Бүгінде бізде нақты мәлімет жоқ. Бірақ ауырып шыққан адамдарда ковид белгісі үш айдан бастап, қатты сырқаттанғандардың бойында екі жылға дейін сақталатынын нақты көріп отырмыз. Ең жиі байқалатыны – ұзақ уақытқа созылатын құрғақ жөтел. Тез шаршайды. Күнделікті істеп жүрген қарапайым іске шамасы жетпей қалады.

Мамандардың айтуынша, ковид-19 вирусымен ауырып жазылып шыққан адамдарда вирус белгісі кейін аяқасты пайда болуы мүмкін. Өйткені коронавирус белгілері тұмау секілді өзге вирус түрлерімен ұқсас. Айырмашылығы – тек дәм сезбеу. Сондықтан адам байқамай жүріп, жоқ жерден екі-үш сағат ішінде ауырып қалуы ғажап емес. Ал вакцина салдырған кісілерде ауырсыну белгілері байқалса, ол уақытша белгі болғандықтан, одан арнайы емделу тәртібі жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавируспен ауырып шыққандарда иммунитет әлсірейді, дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығы сезіледі. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары патологиясы, қант диабеті, қалқанша безі қызметінің бұзылуы мен бүйрек және бауыр аурулары да қозуы мүмкін. Тағы бір нышаны, шаш түсуі де байқалып жатыр екен. Сондықтан дәрігерлер иммунитетті көтеру қажеттігін айтады.

Айнұр Тәуекелова, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі:

- Арнайы ұсыным жоқ, дегенмен құрамында ақуызы көп тағаммен толыққанды дұрыс тамақтану керек. Сегіз сағаттан артық ұйықтап, күндіз де демалу керек. Және көп мөлшерде дәрумен қабылдап, диета ұстау керек. Мұндайда Д, В, С топтағы дәрумендер мен мырыш, магний ішу дәлелденген

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде