{metadescription}
Алматыда абақтыдан қашқан қылмыскерді таппай жатыр 
Алматыда абақтыдан қашқан қылмыскерді таппай жатыр 

Алматыда абақтыдан қашқан қылмыскерді таппай жатыр 

Алматыда түн жамылып абақтыдан қашқан кәнігі қылмыскерді бүгін екінші тәулік іздеп таппай жатыр. 34 жастағы Дамир Дәуітов бұған дейін ұрлық, алаяқ сынды бірнеше қылмыстық баппен істі болған. 

Бұл жолы да сол ұрлық пен алаяқтық қылмысы үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Алайда үкімі шыққан Дәуітов ақпанның 15-нен 16-на қараған түні ЛА 155/18 уақытша тергеу абақтысынан қашып кетті. Іші-сырты қарулы күзетке толы мекемеден кәнігі қылмыскердің қалай шығып кеткен? Сотталушы сол күні адвокатымен кездесіп, артынша кездесу бөлмесінде тығылып қалған. Кеш батқан соң әкімшілік ғимаратқа өтіп, темір құлыпты сындырып, бір жарым метрлік дуалдан секіріп кетіпті. 

Полиция қашқынды екінші күн таба алар емес. Ал қылмыскерден көз жазып қалған ЛА 155/18 мекемесінің басшылығының басына қара бұлт үйірілді.  "Өз бетімен шығып кетті" дегенге министрлік күмән келтірсе керек, арнайы тергеу тобын жіберіп, түрме қызметкерлерінің қайсысының көмектескенін анықтап жатыр.

Шынар Құсайынова, Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі:

Аталған факті бойынша Алматы қаласы полиция департаменті ҚР ҚК 426-бабы, бас бостандығын айыру орындарынан немесе қамаудан қашу бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады және жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде