АҚШ-та – ондаған жыл бойы болмаған аяз
АҚШ-та қатты аяздан ажал құшқандардың саны 30-ға жетті. Ауа райының күрт құбылуынан 3 миллионға жуық адам жарықсыз қалған. Америкалықтар қазір үйін жылыта алмай әбігерге түсіп жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
18.02.2021
Апта басында басталған аяз күннен-күнге күш алуда. Қысы әдетте жылы болатын оңтүстік штаттарда ауа температурасы минус 35 градусқа жеткен. Бұл аймақтарда бірнеше күннен бері қалың қар жауып, көктайғақтан жол апаты да жиілеген. Ауруханалар мен маңызды нысандар қызметін тоқтатты. Қолайсыз ауа райынан 2 мыңнан астам әуе рейсі шегеріліп, жолдар жабылды. Мұндай жағдай елдің бірнеше штатында байқалған. Синоптиктердің айтуынша, АҚШ-та мұндай аяз соңғы ондаған жыл бойы болмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!