{metadescription}
Қыздарды зорлады деген интернаттың басшысы қызметтен кетті – Шымкент
Қыздарды зорлады деген интернаттың басшысы қызметтен кетті – Шымкент

Қыздарды зорлады деген интернаттың басшысы қызметтен кетті – Шымкент

Қыздарға жүктіліктен сақтайтын спираль салып зорлады деген Шымкенттегі интернаттың басшысы жұмысынан босатылды. Атышулы мекеменің меңгерушісі өз еркімен қызметінен кеткен.

Ал құзырлы орындар психикалық ауытқуы бар тәрбиеленушілерді зорлады деген нұсқаны әлі тексеріп жатыр екен.

Ол үшін  №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында соңғы он жылда жұмыс істеген еркек кіндіктің барлығынан сұрақ-жауап алынады.  

Нұрғали Егембердиев, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары: 

- Қазір бізге белгілі мәліметбір айға созылады жеп жатыр. Себебі, ол 2010 жылы қызметте, сол орталықта қызмет атқарған қызметкерлерден сұрастырылып жатыр. Сол себепті бір айға шегертілген.

Бұған дейін Шымкент тұрғыны Әлия Мамытова интернатта қызымды 7 жыл бойы зорлап келді деп шағымданған. Осыдан кейін арнайы топ бұл орталықты тексерген. Нәтижесінде талай былықтың беті ашылыпты. Атап айтқанда тексерушілер интернатта қол жуатын жер мен мүгедектерді таситын арнайы көліктің жоқтығын анықтапты. Сондай-ақ әр емделушіге тиесілі жатын орын талапқа сай болмаған. Тәрбиеленушілер төсек-жабдық пен киім-кешекпен қамтамасыз етілмепті. Ал асханада мүлдем тазалық талаптары сақталмаған. Аталмыш кемшіліктер анықталған соң, орталық басшысы өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Бірақ оны заңмен қудалауға еш негіз жоқ дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде