Туризмді дамытуға 163 миллиард 700 миллион бөлінеді
Қазақстанда туризмді дамытуға 2025 жылға дейін 163 миллиард 700 миллион теңге бөлінбек. Мәдениет және спорт министрлігі бұған қатысты шаралар тізбегін Мәжіліске енгізіліп қойған.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.02.2021
Онда туроператорларға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Мәселен, шетелден келген әрбір саяхатшыға мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Осындай субсидия балалардың ішкі ұшып-қонуына, инвесторлардың тау, шаңғы базаларына қажет құрылғылар сатып алуына, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету орындарына да төленеді.
Туристік орындарда санитарлық-гигиеналық талаптың сақталуына да мемлекет қарасады. Вице-министр Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, заң жобасы бүгінде мәжілістің екінші оқылымынан өтіп, Сенатқа жолданғалы жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!