Сенаторлар: Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойылсын
Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойылсын. Сенататорлар бүгін ұлт ұстазының 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында атап өтіп, оның тас мүсінін төрт бірдей қалада орнатуды ұсынды.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.02.2021
Осыдан тура бір ғасыр бұрын еліміздің оқу министрі болған Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық еңбектерінен бөлек, «Тіл-құрал», «Оқу құралы», «Әдебиет танытқыш» сынды оқулықтар да жазған. Халықтың ұлы тұлғасын дәріптеу үшін сенаторлар елордадағы көшесінің бойынан еңселі ескерткіш тұрғызуды ұсынып отыр.
Сәулетті ескерткіштер Ахмет Байтұрсынұлының өзі қызмет атқарған Қызылорда, Семей және Алматы қалаларынан да орнатылуы керек дейді. Деректі фильмдерді толықтырып, оған қоса, арнайы көркем фильм түсіруді сұрап отыр.
Алтынбек Нұхұлы, Сенат депутаты:
- Ұстаз есімін ұлықтау тұғырлы тәуелсіздігіміздің, ұлттық құндылықтар мен ұлт мұратының жүзеге асып жатқандығының белгісі. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде тойлау – еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!