{metadescription}
Covid-19: 10 адам қайтыс болды, 40 науқас  аса ауыр халде
Covid-19: 10 адам қайтыс болды, 40 науқас  аса ауыр халде

Covid-19: 10 адам қайтыс болды, 40 науқас  аса ауыр халде

Коронавирустан өткен түнде тағы 10 адам қайтыс болды. 40 науқас аса ауыр халде жатыр. Ал індет жұқтырғандар 800-ге көбейді. 

Коронавируспен ауырып жатқандар 22 мыңға жетті. Оның 255-сі – ауыр, ал 40 адам аса ауыр жағдайда. Тағы 40 науқастың өкпесі асқынып, жасанды тыныстау құрылғысына қосылған.

Өкінішке қарай, қайғылы жағдайлар тағы қайталанды. Дәрігерлер індеттен өткен түнде 10 адамның көз жұмғанын хабарлады. КВИ белгілері бар пневмонияға шалдыққандар да ауруханаға түсіп жатыр. Өткен тәулікте ғана осындай диагнозбен 61 адам тіркелген.

Ауыр дерттен емделіп отбасымен қайта қауышқандар бүгін әлдеқайда көп. Коронавирустан – 1061, ал пневмониядан – 160 адам құлан-таза айықты. Құлан-таза жазылған азаматтар бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында көрсеткіш жоғары. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде