{metadescription}
Ақтүтек боран – өңірлерден репортаж
Ақтүтек боран – өңірлерден репортаж

Ақтүтек боран – өңірлерден репортаж

Еліміздің біраз өңірінде ақтүтек бораннан жолдар жабылды. Әсіресе Ақтөбе облысында толассыз жауған жауын мен ұйытқыған желден көлік қозғалысы қиындаған. Коммуналдық қызмет ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығын қардан тазартып үлгермей жатыр. Осыған байланысты мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушылар күн ашылғанға дейін қашықтан оқиды.  

Ал Ақмола облысында ақтүтек боранмен қоса, тұман түскен. Жолда ештеңе көрінбейді. Сондықтан тәртіп сақшылары жол бойы бекет қойып, көліктердің жүруіне тыйым салып жатыр.

Ақтүтек боранның кесірінен Ақмола облысын қиып өтетін Қостанай-Сурган, Жезқазған-Петропавл, Есіл-Бұзылық тас жолдарындағы бірнеше учаске жабылды. Бұл жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынған. Тұман түсіп, жел екпіні жиырма метрге дейін жетеді. Ақтүтек бораннның бұлай ақпан-тоқпанның нақ мінезі жергілікті тұрғындарды сабасына түсірді. Өйткені ай басында жаңбыр жауып, солтүстікте бұрын-соңды болмаған табиғаттың осындай шалт мінезі біраз әбігерге салған.  

Жақсылық Жолымбетов, такси жүргізушісі:

- Енді жүрміз, амал жоқ, жүру керек. Күнкөріс. Негізі мынау қар жауған соң, ақпанға қар керек, қар болмаса жазда қиын. Қыс қыстай болу керек, жаз жаздай болу керек дейді қазақ. Қар еріп, жер қарайып, шаң көтеріліп кеткен.

Атыраулықтар боранның кесірінен тағы жарықсыз қалды. Бұл қашықтан оқитын оқушылардың сабағына кедергі келтіріп, біраз тұрғын тұрмыс техникаларынан айырылған. Жарыққа жауапты «Атырау-Жарық» мекемесі бұған қысқа тыңғылықты дайындалмаған жеке компанияларды кінәлайды. 

Тілеужан Мендалиев, «Атырау-Жарық» АҚ бас инженері:

- Заңды тұлғалар өздеріне КТП қондырып алды, меншік деп айтамыз ғой. Олар мезгілінде техникалық байқаудан өтпейді. Өйткені олардың өз қызметкерлері жоқ! Ешкіммен техбайқауға отырмайды.  Соның әсері болып тұр. Қар кіреді, су кіреді, содан өшіп жатыр. Бір желіде отырған соң, әсері тиеді ғой.

Ақтөбеде ұйытқи соққан жел мен толассыз жауған қардан көлік қатынасы қиындады. Қаланың қақ ортасында көліктер омбы қарға батып жүре алмай жатыр. Облыс әкімдігі алдынан өзге жерден жол тазартып жүрген техника көрмейсің.

Руслан Төреғали, Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Түн мезгілінен бастап үш реттен өткенбіз. Тазалаймыз, бір-екі сағаттан кейін қайта жауып жатыр. Тазалау жәлі де жүріп жатыр, тоқтатылмайды.  

Ақтөбеден шығар жолдың барлығы жабылғанымен, ескертуді елемейтіндер жетерлік. Көлігімен айдалада қалған Ақтау қаласының тұрғыны құтқарылды. Ал Байғанин ауданында малын іздеуге шыққан тұрғын түнде жоғалып кеткен. Оны әкесі Жыңғылдытоғай жерінен тапты. Ал Никельтау аулында айы-күні толған келіншек ауа райының қолайсыздығынан перзентаханаға жете алмай үйінде босанып қалған.

Марғұлан Аманбаев, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Жүкті әйелді құтқаруға алып келе жатыр. Ол кісі босанып, үйінде қыз бала туды. Аудандық ауруханадан біздің құтқарушылар дәрігерлерді алып барып, үйінде тудырып, қазір артқа, аудандық ауруханаға әкеле жатыр. Жағдайы жақсы.

Облыс орталығынан шыға беріс жолдарды тәртіп сақшылары күзетіп тұр. Олар жақын елдімекендерге көлік топтастырып, діттеген жеріне кезекпен өздері жеткізіп тастауда.  

- Біз қазір ауа райы дұрысталғанша сіздерді жолды бостан-босқа жаппай, баратын жерге жеткізіп салуды ұйымдастырамыз. Қастарыңызда алып жүреміз. Мына көлік легінен шықпай, алдына шықпай, қауіпсіздікті сақтап жүруіңізді сұраймын.

Синоптиктер ақтүтек боран мен толасыз жауған қар ертең сап тыйылады деп болжайды. Демлыс күндері сынап бағанысы түсіп, нағыз сақылдаған сары аяз болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде