{metadescription}
Есірткі тасымалдаушыларға ең ауыр жаза кесілді – Түркістан облысы
Есірткі тасымалдаушыларға ең ауыр жаза кесілді – Түркістан облысы

Есірткі тасымалдаушыларға ең ауыр жаза кесілді – Түркістан облысы

Түркістан облысында есірткі тасымалдаушыларға ең ауыр жаза кесілді. Жамбылдан Қостанай облысына 700 келіге жуық марихуаннаны жеткізбек болған қос азаматқа сот үкім шығарды.

Қасым Қалмағанбетов, Түркістан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Айыптау үкімі шығып, 15-тен 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жамбыл облысынан Түркістан облысы арқылы Қазақстанның басқа да батыс, солтүстік аймақтарына тасымалдануға тиіс есірткі заттардың жолы кесілді.

Ауыр жаза арқалаған 33 және 37 жастағы қос азаматта Жамбыл облысының тумасы. 650 келі кептірілген марихуана мен 48 келі таза нашаны жол талғамайтын «Лэнд Крузерге» тиеген. Аса ірі көлемдегі есірткіні полиэтилен пакеттерге орап, тіпті канистрға да жасырған. Бетпақдала арқылы Қостанайға жетпек болған. Бірақ айдалада шаңдатып бара жатқан көліктен секемденген қорықшылар полицейлерге хабар берген.

Ауыр жаза арқалаған қылмыскерлердің бірі бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.