{metadescription}
Мобильді қосымшамен ақша аударғанда салық ұсталады  
Мобильді қосымшамен ақша аударғанда салық ұсталады  

Мобильді қосымшамен ақша аударғанда салық ұсталады  

Мобильді қосымша арқылы ақша аударудан ақыры салық ұсталатын болды. Бірақ салық органдары бұрынғысынша жеке тұлғалар арасындағы онлайн аударымдарға мән бермейді. Әңгіме кәсіпкерлік өкілдеріне қатысты.

Онлайн аударым туралы алғаш 2019 жылдың аяғына қарай айтыла бастаған еді. Сол уақытта Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов жұртты дүрліктірген мәлімдеме жасаған. Вице-министр электронды транзакция жасалған бүкіл есепшотты салық органдары тексереді деп салған. Бірақ кейін ол жеке тұлғаларға қатысты емес, тек кәсіпкерлік өкілдеріне байланысты айтылған сөз болып шықты. Жұрт бір-біріне қалауынша ақша аудара береді. Бірақ кәсіпкерлік өкілдеріне түсетін аударым қаражаты салық органдарында тіркелуі керек. Ел ішінде түсінбеушілік тудырған бұл мәселеге кейін президенттің өзі үн қатқаны есте. Қазір онлайн аударымдардан салықты қалай ұстайтынын Қаржы министрлігі тиісті орындармен ақылдасып жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

Қаржы министрлігі осындай аударымдарды бөлу және фискалдауда  бірқатар шешім әзірлеуде. Олар Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен, мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Сонымен қатар бизнес қауымдастықпен де талқылануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде