Зейнетақы қаржысын емделуге жұмсауға өтінім қабылдау басталады
Зейнетақы қаржысын емделуге жұмсайтындардың өтінімі 25-ақпаннан бастап қабылдана бастайды. Бекітілген ережеге сәйкес, шекті сомасы барлар емдеу мекемесін таңдау құқына ие, тек тіс емханасы Қазақстан аумағында болуы шарт.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
19.02.2021
Зейнетақы қаржысын сирек кездесетін дерт түрлері бойынша тіс еміне және отадан кейін денсаулықты қалыпқа келтіруге жұмсауға болады. Ал наурыз айынан бастап шетелдік клиникалармен жұмыс істеу іске қосылады.
Қор қаржысын емге жұмсамас бұрын, өтінішіңізді әуелі дәрігерлер кеңесі қарайды. Олар өз қорытындысын екі күн ішінде айтады. Одан кейін бірыңғай зейнетақы қоры бес күнде арнайы шотқа ақша аударады. Егер еміңізге алуға болатын сома жетпесе, туыстарыңыз бен жақындарыңыз өз қорынан ақша аудара алады.
Бұған дейін зейнетақы қаржысын жасанды ұрықтандыруға жұмсау қарастырылатын болған. Бірақ ол тізімге енбей қалды. Егер көпшіліктен өтінім түссе, жасанды ұрықтандыруға қор қаржысын жарату мәселесі қарастырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!