Статистика: Қанша адам коронавирус вакцинасын салдырды
Қазақстандық әскерилер коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыру қажет деп санайды және бірауыздан қолдайды. Әскерилердің мұндай шешімін Қорғаныс министрі әлеуметтік желіде сүйіншілеп жазды. Бірақ Нұрлан Ермекбаев қанша әскери қызметкердің екпеден бас тартқанын нақтылаған жоқ.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
19.02.2021
Қазақстанда 1ақпанда Covid-19-ға қарсы ерікті вакциналау басталды. Ең бірінші болып екпе салдырған 19 500 дәрігердің екі мыңға жуығы – елордалықтар. Медицина қызметкерлерінің ізін ала, вакцинаны мұғалімдер, студенттер, полицейлер мен әскери мамандар қабылдайды. Ол уақытқа дейін қазақстандық QazQovid-In препараты да тіркеліп болуы тиіс. Ал қазір нарықта ресейлік «Спутник V» екпесі қолданылып жатыр.
Әлия Өмірзақова, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
- Тиісті контингенттердің ішінде бүгінде 1980 адам вакцина алды. Вакцина алған адамдардың арасында асқыну болған жоқ. Қазір вакциналау ресейлік «Гам-КОВИД-Вак» жүргізілуде. Препарат екі компонентті үш апта аралықта екі рет енгізіледі. Екінші компонентпен вакциналау 22-ақпанда басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!