Қазақстан KazSat-2R жаңа жер серігін құрастырмайтын болды
Қазақстан KazSat-2R жаңа жер серігін құрастырмайтын болды. Сөйтіп үкімет 40 миллиард теңгені үнемдейді. Мемлекет қазынасында қалған қомақты ақша байланыс серіктерінің жаңа түрлеріне жұмсалуы мүмкін.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
19.02.2021
Бір жыл бұрын Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа ғарыш аппаратын құрамыз деп жар салған. Тіпті мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жариялап, жер серігін құрастыруға 105 миллион доллар шығындауға әзір болды. KazSat-2R аппаратын ұшыру 2023 жылға жоспарланғаны тағы бар. Бірақ қазір ғарышта жүрген KazSat-2 жер серігін ауыстыруды көздеген шенеуніктердің бұл жоспары аяғына дейін жүзеге аспады. Президент бүгін жер серігін құрастыру тоқтатылатынын мәлімдеді.
2018 жылдың аяғында KazSat-тың екі аппараты америкалық ғарыш айлағынан ұшырылған. Сол кезде үкімет жер серігін ұшыру Байқоңырдан қарағанда шетелдік алаңнан әлдеқайда арзан екенін айтқан-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!