AsiaCredit Bank салымшыларына ақша таратылады
Бір апта бұрын лицензиясынан айырылған AsiaCredit Bank салымшыларына 24-ақпаннан бастап ақша таратылады. Жабылып қалған қаржы ұйымының клиенттеріне Еуразиялық банк төлем жасайтын болады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.02.2021
«АзияКредит банкінің» салымшыларына жалпы мөлшері 19 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылуы тиіс. Құрдымға кеткен қаржы ұйымында жиған-терген депозиттін клиенттер төл ақшамен 10 миллион теңгеге дейін өзге валютада сақтаса, 5 миллион теңге дейінгі мөлшерде еш кедергісіз алады. Бірақ банкке бармай-ақ, қашықтан eubank.kz сайтына өтініш жіберіп, алатын соммасын тексеруіне болады. Төлем мамыр айына дейін жалғастырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!