Қазақстан қарызы 20 триллион 600 миллиардқа жетті
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 триллион 600 миллиард теңгеге жетті. Бірақ Қаржы министрі мұны алаңдарлық жағдай деп санамайды екен. «Себебі, бекітілген лимиттен аспайды» - дейді Ерұлан Жамаубаев.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.02.2021
Мәселен, 2015 жылы еліміздің мемлекеттік қарызы 7 жарым триллион теңгеден асатын. Былтыр ол көрсеткіш қазан айында 19 триллион 600 миллиардқа бір-ақ жетіпті. Доллар күйінде есептесек, бес жылда шамамен 7 миллиард долларға артып кеткен. Содан бері небәрі төрт ай ішінде тағы 1 триллион теңгеге көбейіп отыр. Осы 20 триллион 600 миллиард теңгеге жуық қарыздың 80 пайызы үкіметке тиесілі. Биыл бюджет тапшылығы мен сол қарыздардың бөлігін уақтылы жабу үшін Қаржы министрлігі үш жарым триллион теңге табуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!