Жаңатаста бес бала түтінге тұншығып өлді – Жамбыл облысы
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қайғылы жағдай. Мұнда бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып қаза тапты. Оқыс жағдай бүгін күндізгі сағат үш шамасында көп қабатты үйлердің бірінде болған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.02.2021
Үлкені – 6, кенжесі 1 жастағы – бес бала үйде өздері қалыпты. Сол сәтте пәтерден өрт шығып, бейкүнә балалар будақтаған түтінге тұншығып қалған. Оларды ауруханаға дереу жеткізгенімен, бес періштенің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Ал сол сәтте марқұмдардың анасы дүкенге шығып кетіп, әкесі жұмыста болған екен. Қазір қайғылы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:
- Осыған орай қазір облыс деңгейінде арнайы комисия құрылды.Оған жергілікті атқару органы, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және өзге де мемлекеттік органдардан арнайы мамандар жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!