{metadescription}
Қашқын балықшы тәртіп сақшыларын әбігерге салды – БҚО  
Қашқын балықшы тәртіп сақшыларын әбігерге салды – БҚО  

Қашқын балықшы тәртіп сақшыларын әбігерге салды – БҚО  

Қашқын балықшы. Батыс Қазақстанда полицейлерден із суытпақ болған автошабандоз ұсталды. Заңсыз балық аулаған ол тәртіп сақшыларын әбден әбігерге салған. 

«Лексус» жүргізушісі бірнеше шақырымға дейін ұстатпапты. Бірақ қашып құтыла алмасын білгенде жолдан шығып, жазықты бетке алған. Осы кезде көлігі қасақ қарға батып қалды. Сөйтсе 28 жастағы азамат көлігіне түрлі тұқымдағы балықты толтырып алған. Бірақ ешқандай құжаты болмаған соң, полицейлерден қашып құтылмақ болған. Енді полицейлерден «шортандай шоршыған» балықшы заң алдында жауап береді.

Мөлдір Садырғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Автокөлік иесінен 25 қап балық табылып, 619 және 590 баптарымен хаттама толтырылып, ҚК-тің 196-бабымен қылмыстық тергеу жүргізілуде.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.