{metadescription}
Салықтан жалтарғандар: Кімнен қанша ақша ұсталады?
Салықтан жалтарғандар: Кімнен қанша ақша ұсталады?

Салықтан жалтарғандар: Кімнен қанша ақша ұсталады?

Қазақстандағы әрбір үшінші шағын кәсіпкер салықтан жалтарып жүр. Әзірге салық барлық аударымнан емес, кәсіпкерлерден ғана, яғни сауда-саттық жасаған кезде ұсталмақ. Онда да 2023 жылға қарай, арнайы заң нормалары бекітіліп үлгерген кезде жоспарланған. Кімнен қанша ақша ұсталатынын тілшіміз білуге тырысты.

Аударыммен ақша төлей салу еліміздегі сауда айналымына енгелі көп бола қойған жоқ. Десе де ыңғайлы тәсілді жұртшылық жатырқамады, ал күні-түні кірісін еселеуді ойлаған саудагерлерге салықтан жалтарып қалудың таптырмас амалы болып алды. Салықшылардың да түн ұйқысын бұзып жүрген осы статистика.

Сапарбай Жобаев, экономист:

- Бізде, мәселен, дүкендер өзі декларация жасап, бар табысын көрсетуге әлі ынталы емес десек те болады. 20-22 пайыздық көлеңкелі экономка бар дейді. Ал кейбір экономистер оны 30 пайызға да шығарып жіберді, пандемия кезінде. Мәселен, 30-35 пайызы болса, үштен бірі, сол үштен бірі салықтан жалтарып жүр.

Интернет арқылы ақша аударымдарынан салық ұстау мәселесі былтыр да көтерілген. Бірақ бұл талапты жұртшылық тіксіне қабылдады. Әрі наразылығын да жасырмады. Мәселені ушықтырмас үшін президенттің өзі бұл тақырып төңірегіндегі шаруаны тоқтата тұруды тапсырған. Енді қайта көтеріліп отырған аударым үшін салықтан тұрғындарға тиер кесірі жоқ дейді сала мамандары.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

Тек қана кәсіпкерлерге қатысты болады. Жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға еш салық салынбайды. Мұны біз Қаржы министрлігі ретінде  ресми түрде тағы да хабарлаймыз. Жеке кәсіпкер егер ақшаны аударымы  арқылы алатын болса, өзінің салықтық режимі аясында ғана салық төлейтін болады. Одан артық ешқандай салық ұсталынбайды.

Ал аударым арқылы салықтан жалтарып жүргендер әлі де сол әрекеттерін жалғастыра бермек. Неге десеңіз, бұл талап тек 2023 жылға қарай енгізілуі мүмкін. Оның өзінде, Парламент арнайы заң нормаларын өзгертіп, бекітіп үлгеруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.