Boeing ұшақтарының техникалық жағдайы тексеріледі
Елдегі әуе компанияларына тиесілі Boeing ұшақтарының техникалық жағдайы тексерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан авиациялық әкімшілігі хабарлады. Мұндай шешімге АҚШ-та көкке көтерілген Boeing-777 әуе кемесі қозғалтқышының өртенуі себеп.
Автор: Мақсат Мәлік
22.02.2021
Өткен сенбіде АҚШ-тың Денвер қаласынан ұшып шыққан Boeing-777 лайнерінің оң жақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайта оралған. Борттағы 231 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі дін аман. Содан кейін Boeing компаниясы «Прэт энд Уитни» қозғалтқышы бар 777 лайнерінің ұшуын әзірге тоқтата тұруға кеңес берген.
Қазақстан авиациялық әкімшілігі директорының айтуынша, Boeing-777 лайнері елімізде жоқ. Бірақ Air Astana және SCAT әуе компаниясында Boeing-767 ұшақтары барын алға тартқан Питер Гриффитс, оларда Rolls-Royce қозғалтқышы орнатылғанын айтуда. «Десе де қос бірдей әуе компаниясының мамандарына аталған жағдай жөнінде ақпарат жеткізіп, тексеру жүргізуге тапсырма бердік» - дейді авиациялық әкімшілік басшылығы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!